Криштиану Роналду «Манчестер Юнайтедке» оралуы мүмкін

23:21, 18 маусым 2017

«Реалдың» шабуылшысы Криштиану Роналду «Манчестер Юнайтедке» оралуды қалайтын көрінеді.

Ол бұған дейін «қызыл сойқандар» сапында 2003-2009 жылдар аралығында ойнаған. Испаниялық басылымдардың хабарлауынша, 32 жастағы португалиялық өз агентінен бұл трансфер үшін қажеттінің бәрін жасауды өтінген. 

Испания прокуратурасының салықтан жалтарды деген айыбынан соң Роналду мадридтік клубтан кетпек ойы барын айтқан болатын. Қазірдің өзінде танымал футболшыны Англия, Франция мен Қытай елдері өздерінің клубтарында көргісі келетіндіктерін мәлімдеп үлгерді. 

Источник: khabar.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!