Криштиану Роналду бес ойынға шеттетілді

13:16, 15 тамыз 2017
442

Мадридтік «Реалдың» шабуылшысы алдағы бес ойыннан шеттетілді.

Бұл туралы Испания футбол федерациясының баспасөз қызметі хабарлайды.

Еске салайық, жексенбі күні өткен «Барселона» – «Реал» кездесуінің 86-минутында Роналду екінші сары қағаз алып, алаңнан қуылған еді. Бірақ төрешінің бұл шешімімен келіспеген португалиялық шабуылшы бас қазыға итеріп жіберді. Ал ойын біткеннен кейін төреші бұл жағдайды ойынның хаттамасына қосыпты.

Кеше Испания футбол федерациясы бұл жағдайды қарастырып, шешім шығарды. Оның қорытындысы бойынша Роналду алдағы бес ойыннан шеттетілді. Төрт ойынды шабуылшы төрешіні итеріп жібергені үшін, ал бір ойынды қызыл қағаз алғаны үшін өткізетін болады.

Осылайша Роналду өз командасына «Барселонамен» өтетін екінші ойында және Испания біріншілігінің төрет ойынына, нақты айтсақ, «Депортиов» (20 тамыз), «Валенсия» (27 тамыз), «Леванте» (9 қыркүйек) және «Реал Сосьедад» (17 қыркүйек) командаларына қарсы ойындарға қатыса алмайды.

Источник: khabar.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!