Киокушинкай-кан каратэден Қазақстан чемпионаты басталды

12:25, 21 қазан 2017

Бүгін Алматыдағы «Халық Арена» спорт кешенінде ерлер, әйелдер, жасөспірімдер, жастар және қыздар арасындағы Киокушинкай-кан каратэден Қазақстан чемпионаты басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі, Алматы қаласының әкімдігі мен Республикалық Ұлттық киокушинкай-кан каратэ федерациясының ұйымдастыруымен өтетін біріншілікке Қазақстанның барлық өңірінен 300-ге жуық каратэші қатысады. Жарыста әлем, Еуропа, Азия чемпионаттарының жүлдегерлері мен халықаралық турнирлердің жеңімпаздары да бақ сынайды. Қазір Киокушинкай-канкаратэден Қазақстан чемпионатының салтанатты ашылу рәсімі өтіп жатыр. 

Источник: khabar.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!