Khabar Cup 2017: Астанада шағын футболдан турнир өтіп жатыр

11:35, 22 қазан 2017
796

Елордадағы «Астана Арена» стадионында БАҚ өкілдері арасында «Хабар Кубогы» деп аталатын шағын футболдан турнир өтіп жатыр.

Спорт жарысы «Хабар» Агенттігінің 22 жылдығына арналады.

2015 жылдан бастау алған дәстүрлі турнир биыл да жалғасын тапты.

Жалпы алаңға 16 команда шығады. Олардың барлығы да осы спорт түрін қапысыз меңгерген. «Хабар» Агенттігінің атынан шыққан төрт команда да өзге қарсыластарынан кем емес.

Теңбіл доп сайысы түстен кейін мәресіне жетіп, үздіктер марапатталады.

Источник: khabar.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!