Кәсіпқой бокстан Әлем чемпионы Жанат Жақиянов туған жері Петропавлға барды

23:56, 16 ақпан 2017
482

Ел сенімін ақтаған ер. Жеңімпазды жерлестері ерекше ілтипатпен қарсы алды.

Теріскейлік былғары қолғап шебері жеңіл салмақ дәрежесінде АҚШ-тың Толедо қаласында америкалық Роши Уорренмен 28-ші жекпе-жегін өткізіп, қарсыласынан WBA тұжырымы бойынша белбеуін тартып алды. 

Қазір Жанат Жақиянов қазақстандық кәсіпқой боксшылардың рейтингісінде Геннадий Головкиннен кейінгі екінші орында тұр.  

Нұржәмила Жақиянова, Жанаттың анасы:

-Әрине, Жанаттың жекпе-жегін ылғи көретінмін. Осы жолы өзіме айтқам: «Көре алмаймын, жүрегіме өте ауыр болады», – деп. Сезімде болғаным анық. Баламның мықты екеніне сендім. Өзінің дайындығының арқасында, тер төккенінің арқасында жеңеді деп өзім ойладым.

Жанат Жақиянов, кәсіпқой боксшы:

-Жекпе-жек басталғанда өздеріңіз көрдіңіздер, жоспар бойынша емес, жаман басталды. Сосын Аллаға шүкір, өзімді жинап, күш-қуатымды солай жеңіске жеттім. Роши Уоррен деген жылдам боксшы. Соққы тез-тез тиіп қалды да, соны түсінбей қалдым. Екінші раундтан жаттықтырушылардан рұқсатын алдым да тактиканы ауыстырдық. Сонымен жеңіске жеттім.

Источник: khabar.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!