Кәсіпқой боксшы Жанат Жақиянов елге оралды

02:33, 16 ақпан 2017
438

Беделді WBA super, IBO белдіктерінің иегерін әуежайдан күтіп алушылар көп болды. Теріскейлік жігіт алдымен жанкүйерлеріне алғысын білдіріп, сұхбат берді. Одан кейін арнайы ұйымдастырылған баспасөз мәжілісіне қатысты. 

Естеріңізге сала кетейік, 11-ші ақпан АҚШ-тың Огайо штатында өткен бокс кешінде Жанат Жақиянов Роуши Уорренді ұпай санымен жеңіп, кәсіби бокстан чемпион атанып, әлемдік рейтингте мықты боксшылардың ондығына кірді.

Источник: khabar.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!