Кәсіпқой боксшы Бейбіт Шүменов спортпен қош айтысты

11:48, 19 маусым 2017

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Бейбіт Шүменов спортпен қош айтысты.

Бұл туралыVesti.kz хабарлады.

Шүменовтің айтуынша, жаттығу кезінде алған көз жарақаты тым ауыр болып шыққан. Дәрігерлер оған бокспен айналысуға тыйым салған, ал жалғастыра берер болса, көзі көрмей қалады. Шілдеде боксшы тағы бір мәрте операция жасатады.

Ал бүгін Бүкіләлемдік бокс ассоциациясының (WBA) қазақстандық боксшы Бейбіт Шүменовті тұрақты чемпион белбеуінен айырғаны белгілі болған еді. Ұйымның жаңарған рейтингінде бұл титул кубалық Юниер Дортикостың еншісінде.

Еске салайық, Шүменов пен Дортикос сәуірде жекпе-жекке шығуы тиіс еді. Алайда қазақстандық жаттығу кезінде көзін жарақаттап алып, осы себепті кездесу кейінге қалған.

Источник: khabar.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!