«Қазақтың Мессиі» Болгарияда тұңғыш рет алаңға шығуы мүмкін

17:43, 14 наурыз 2019
25352

Болгарияның "Kota Sport" басылымы жазғандай, "Левски" ойыншылары – франциялық Седрик Унтонджииз бен қазақстандық Еркебулан Сейдахмет жасыл алаңға шығып, "Вереяға" қарсы айқасқа шығуы мүмкін.

Унтонджииз софиялық клуб сапында 120-сыншы нөмірмен ресми ойын өткізген, деп хабарлайды Sports.kz.

"Еркебұлан Сейдахмет "Славияға" қарсы дербиде қосалқы құрамға енген, бірақ соңғы сәтте оны тізімнен алып тастаған. Левски ол ойында 3:0 есебімен жеңіске жетті, ал Сейдахметтің не себепті тізімнен түсіп қалғаны кейін анықталды: оның жұмыс визасы дайын болмаған екен.

 

"Енді жұмыс визасы алынды. Мәселе шешілді", деді клуб менеджері Мирчо Димитров.

 

Екі ойынға шеттетілген Хали Тиам қазақстандықтың алаңға шығуына үлкен жол ашты. Оның жазалануы негізгі құрамда ЕО құрамына кірмейтін басқа шетелдікке орын босатты.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!