Қазақстанның футболдан жасөспірімдер құрамасына бапкер тағайындалды
Қазақстанның футболдан жасөспірімдер құрамасының (U17) аға жаттықтырушысы қызметіне Игорь Свечников тағайындалды.
Қазақстан футбол федерациясының мәліметінше, Игорь Свечников 2016 жылдан бастап осы уақытқа дейін Қазақстан жастар құрамасының (U21) аға жаттықтырушының көмекшісі қызметін атқарып келген.
Бапкерге жасөспірімдер құрамасын жаттықтыруға тағы бір қазақстандық маман Иван Азовский көмектесетін болады. Отандық маман футбол карьерасында «Химик», «Целинник», «Қайрат», «Металлург» (Магнитогорск) және «Жеңіс» командаларында ойнаған. Бапкерлік қызметінің көп бөлігін «Жеңіс», «Оқжетпес», «Жетісу», «Астана» және «Бәйтерек» клубтарында өткізген.
Айта кетейік, Қазақстан жасөспірімдер құрамасы (U17) алдағы уақытта бірнеше халықаралық турнирге қатысады. Біздің футболшыларды 4-8 қыркүйек аралығында ҚР Президент кубогы күтіп тұр. Ал 19-25 қыркүйек аралығында Беларусь астанасы Минскіде 2018 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу турнирінде сынға түседі, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Источник: khabar.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:12, 15 маусым 2023
Александр Недовесов Нидерландтағы жарыстың жартылай финалына шықты
-
17:49, 9 қаңтар 2023
Месси мен Роналду бір-біріне қарсы ойнайды
-
23:49, 25 қараша 2022
Айдос Ербосынұлы қиын-қыстау сәтте өзіне тілекші болған баршаға сәлем жолдады
-
00:11, 4 қараша 2022
Ринат Жұмабаев шахматтан Азия чемпионы атанды
-
23:50, 3 қараша 2022
Бокстан АЧ-2022: Назым Қызайбай ширек финалға жолдама алды