Қазақстандықтар Қанат Исламның жекпе-жегін тікелей эфирден көре алады

20:36, 16 мамыр 2017

Қазақ кәсіпқой боксшысы Қанат Ислам 26 мамыр күні кезекті жекпе-жегін өткізетіні жайлы хабарлаған едік. Қазақстандықтар бұл жекпе-жекті тікелей эфирден көре алады.

АҚШ-та өтетін бокс кеші Қазақстандағы уақытпен 27 мамыр күнгі таңға сәйкес келеді. Астана уақытымен сағат 09:00-де "Қазақстан" ұлттық арнасы тікелей көрсетілім тарататын болады.

Флоридада өтетін бокс кешінде Қанат Ислам мексикалық боксшы Норберто Гонсалеспен жұдырықтасады. Сондай-ақ бұл кеште отандасымыз Жанқош Тұраров та шаршы алаңға шығатын болады.  
 

Дереккөз: massaget.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!