Қазақстандық туған әпке-сіңлілер жасөспірімдер Азиадасында алтын медаль жеңіп алды

19:01, 30 қазан 2025

© Сурет: olympic.kz

Бахрейннің Манама қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарында бокстан финалдық сайыстар жалғасып жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл жарыста туған әпке-сіңлілер - Камила мен Аяулым Оспанова ерекше жетістікке жетті.

Қос аруымыз бір күнде тұғырдың ең биік сатысына көтерілді.

 

Аяулым 66 келіге дейінгі салмақта қарсыласынан басым түсіп, жеңімпаз атанды.

Ал Камила 75 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде алтын медаль жеңіп алды.

 

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!