Қазақстандық нокаутер Сочидегі турнирде жеңіске жетті

10:18, 18 қазан 2021
1818

© Сурет: instagram.com/nurgozhay_diyar

Жеңілмеген қазақстандық төбелес шебері Дияр Нұрғожай (6-0) Сочиде (Ресей) өткен Eagle Fighting Championship 42 аралас жекпе-жек турнирінде өнер көрсетті, деп хабарлайды zakon.kz Sports.kz-ке сілтеме жасап.

Нұрғожай торда ресейлік күресші Магомед Магомедовпен (12-3) жұдырықтасты. Жеңіл салмақтағы бұл жекпе-жек үш раундқа есептеліп, Нұрғожайдың жеңісімен аяқталды.

Дияр Нұрғожай үшін бұл мансабындағы жетінші жеңіс болса, ал Магомед Магомедов төртінші рет жеңіліс тапты.

 

Бақытжан Отарбаева

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!

Пікір