Қазақстандық клубтар Түркияда жолдастық кездесу өткізді

08:15, 20 қаңтар 2017

«Алтай», «Шахтер» және «Ордабасы» ОЖЖ аясында жолдастық кездесу өткізді.

«Алтай» ФК  мен украиналық «Александрия» 1:1 есебімен жеңімпазды анықтай алмады. Семейліктердің жалғыз голын Азат Ералиев соқты. 

Екінші матчта «Ордабасы» әзербайжандық «Габаламен» 0:0 есебімен тең түсті. Түркияда жүрген тағы бір қазақстандық клуб «Шахтер» нижнекамскийлік «Нефтехимиктен» 2:1 есебімен басым түскен. Қарағандылықтардың сапында Айдос Тәттібаев пен Милан Стоянович гол соқты.

 

Источник: khabar.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!