Қазақстандық ескекші Жалғас Тайкенов Азия кубогының жүлдегері атанды

16:51, 15 қыркүйек 2017
466

Қазақстандық ескекші Жалғас Тайкенов ашық Азия кубогының алтын жүлдесіне ие болды. Байдарка ескегі бойынша маманданған спортшы KL-3 200 дәрежесіндегі 200 метрлік қашықтықта бірінші болып келді.

Жарыс Өзбекстанның Самарқанд қаласында өтіп жатыр. Оған 180-нен астам ескекші қатысуда. «2016 жылғы Азия чемпионатында Жалғас «күміс» иеленген болатын, биылғы жылы «алтын» алу мүмкіндігі бұйырды. Бұл жарыстарға ол Оңтүстік Қазақстан облысы ескек есу және желкен спорты федерациясы мен Ресейдің параканоэ федерациясы арасында жасалған келісімдер аясында параканоэ бойынша Ресей құрамасымен бірге дайындалды», – деді Оңтүстік қазақстандық федерацияның президенті Денис Жарменов. 

Источник: khabar.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!