Қазақстандық дзюдо ардагері әлем чемпионы атанды

17:28, 22 қазан 2021
15732

© Сурет: ijf.org

Португалияда дзюдодан ардагерлер арасында әлем біріншілігі өтуде, деп хабарлайды zakon.kz.

Бұл жарыста 81 келі салмақ дәрежесінде алтын медальді Насыпқұл Тыныбаев жеңіп алды.

61 жастағы қарағандылық спортшы Әлем чемпионатының финалында австриялық Курт Рейнхольдты жеңді.

Айта кету керек, Амантайұлы Насыпқұл барлық жекпе-жегін, алдын ала кездесулерді қоса алғанда таза "иппонмен" жеңді, есеп – 10:0. Бірінші орыннан бөлек, Тыныбаев 2022 жылдың мамыр айында Жапонияда өтетін ардагерлер арасындағы олимпиадаға жолдама алды.

Насыпқұл Тыныбаев Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы.

Бақытжан Отарбаева


 

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!