Қазақстанда тікелей эфирде «Челси» - «Бавария» ойыны көрсетіледі

Бүгін "Стэмфорд Бридж" алаңында "Челси" мен "Бавария" күш сынасады.
Ойынды "QAZSPORT" сағат 01:50-ден бастап тікелей эфирде көрсетеді, деп хабарлайды "QAZSPORT" телеарнасының өзі.
Лэмпард өз командасын жеңіске жетелей ала ма? Қос команда Еуропада додасында бірнеше рет кездесті. Осыдан 15 жыл бұрын ЧЛ-дың ширек финалында кездесіп, екі матч нәтижесі бойынша ағылшындар жартылай финалға жолдама алды. 2012 жылы аталмыш доданың финалында кездесіп, пенальти сериясында Ди Маттео ойыншылары басым болды.
Араға жыл салып олар Еуропа Суперкубогінде күш сынасып, бұл жолы мюнхендіктердің жолы болды. Ал бүгінгі матч қалай аяқталады? Лэмпард ойыншы ретінде "Баварияны" ұтты. Бапкер ретінде неміс командасының осал тұсын таба ала ма?
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
20:16, 26 қараша 2020
«Астана» спорт клубының ұсақ басшыларына қатысты іс сотқа жолданды
-
18:02, 20 қараша 2020
Айсамал Сансызбаева қыздар арасындағы Кубоктың үздік спортшысы деп танылды
-
16:38, 17 қыркүйек 2020
Қазақ футболы ФИФА рейтингінде әлі 118-ші орында тұр
-
22:48, 24 тамыз 2020
Зайнутдинов «Ростовты» тастап, мәскеулік ЦСКА-ға кетті
-
16:44, 23 тамыз 2020
Жаңа бапкер тағайындалған «Барыс» командасы алғашқы матчта жеңіске жетті
Пікір