Қазақстан ұлттық құрамаларының штаты көбейеді

17:20, 14 қазан 2021

© Сурет: zakon.kz

Ұлттық құрамалардың штаттық санын арттыру туралы шешім қандай мақсатпен қабылданғанын ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті мәлімдеді, деп хабарлайды zakon.kz.

Мәдениет және спорт министрлігі ұлттық құрамалардың штат санын 1000-нан 3000 адамға дейін арттыруды көздейтін "Спорт түрлері бойынша ұлттық штаттық командалар туралы" премьер-министр өкімінің жобасын дайындағаны жарияланды.

Министрлік редакцияға құрама командалардың штаттық саны мәселесі 1994 жылы бекітілді, одан бері көп нәрсе өзгерді деп жауап берді.

 

1994 жылдан бері өзгеріс енгізілген жоқ. Егер 1994 жылы спорттың 60 түрі бойынша Ұлттық штаттық командалар саны деп 1 000 адам бекітілсе, 2021 жылға дейін спорт түрі 138-ге дейін артқанына қарамастан, 1 000 адам өзгеріссіз қалған болатын. Спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командаларын сапалы даярлау мақсатында олардың санын арттыру қажеттілігі бар, - деп хабарлады комитет.

 

Ведомство атап өткендей, қазір Қазақстанда жазғы, қысқы олимпиадалық, ұлттық, олимпиадалық емес, паралимпиадалық спорт түрлеріне жататын 138 спорт түрінен 138 түрлі команда бар.

Атап айтқанда, елімізде жаңадан керлинг, арбадағы би, дойбы, синхронды жүзу, батуттық гимнастика, еспелі слалом, пенчак силат, скетбординг, черлидинг сияқты спорт түрлерінен ұлттық құрамалар жасақталды.

Қандай спортшылар мен жаттықтырушылар көбейеді, елде қажетті деңгейдегі спортшылар мен жаттықтырушылар жеткілікті ме деген сұраққа комитет ұлттық құрамаға отандық спортшылар мен жаттықтырушылар қосылады деп жауап берді.

Комитеттің мәліметінше, ұлттық құраманың штат санын көбейту республикалық бюджеттен 4,1 млрд теңгеге қосымша қаржылық шығындарды талап етеді.

Бақытжан Отарбаева


 

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!