Қазақстан – Уэльс матчы «Астана Аренада» өтеді

15:05, 12 қыркүйек 2017

Футболдан 2019 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңі аясында Қазақстан – Уэльс матчы 17 қыркүйек күні «Астана Арена» стадионында өтеді.

Футболдан Қазақстан әйелдер құрамасы 2019 жылғы әлем чемпионатының іріктеу турниріндегі алғашқы ойынын өткізеді. Ойын 17 қыркүйек күні «Астана Арена» стадионында сағат 18:00-де басталады. Ойынға кіру тегін. 

Айта кетейік, Қазақстанның әйелдер құрамасы бірінші іріктеу тобында Англия, Ресей, Уэльс, Босния және Герцеговина құрамаларымен ойнайды, деп жазады qsport.kz

Источник: khabar.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!