Қазақстан құрамасы V Азия ойындарының алғашқы күнінде үш алтын медальды еншіледі

22:32, 18 қыркүйек 2017

Қазақстан құрамасы Ашхабад қаласында өтіп жатқан жауынгерлік өнер түрлері бойынша жабық ғимаратта өтетін V Азия ойындарында ел қоржынына 3 алтын медальды салды.

Түрікменстан астанасында өтіп жатқан доданың бірінші күнінде Иван Иванов ядро лақтырудан алғашқы алтын медальға ие болды. Одан кейін ұзындыққа секіруден Ольга Рыпакова жеңімпаз атанып, үшінші алтынды сырықпен секіруден Сергей Григорьев алды.

Айта кетейік, И.Иванов пен С.Григорьев Азиада ойындарында рекорд орнатты.

Жалпы Ашхабадтағы Азия ойындары 27 қыркүйекке дейін жалғасатын болады. Байрақты жарысқа 150 қазақстандық спортшы спорттың 17 түрінен бақ сынасатын болады.

Источник: khabar.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!