Қазақстан-Канада дипломатиялық қатынасының 25 жылдығына орай хоккей жарысы ұйымдастырылды

21:45, 19 ақпан 2017
563

Канадада, әсіресе әлемнің ең суық астаналарының үштігіне кіретін Оттавада өзен қатқанда хоккей ойнайтын дәстүр бар. Өздері оны үлкен мереке санайды. 

Мерекеге орай 150 матч жоспарланған. Қазақстан мен Канада арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың 25 жылдығына орай Есіл үстінде де жарыс ұйымдастырылды. Ұйытқы болған – Канаданың Қазақстандағы елшілігі. 

Төтенше және өкілетті елші Шон Перри Стайл да коньки киіп, айдынға шықты. Оның командасы «Спартамен» қола медальды сарапқа салды. Жергілікті «Арлан» мен «Интер газ» финалда өнер көрсетті. Жарыс арасында «Барыс» хоккей клубының белді ойыншылары да шеберлік сабағын өткізді. 

Найджел Доус, Дастин Бойд, Кэм Баркер, Кевин Пулин, Брендан Шинимин секілді канадалық саңлақтар Есілдің мұзында өрнек салды.

Найджел Доус, «Барыс» командасының шабуылшысы: 

-Жас кезімізде ашық мұзда әбден ойнаушы едік. Он бес жылдай болыпты. Кәсіби айналысқан соң, кортта сырғанаймыз. Елшілік тарапынан ұсыныс түсіп, Есілге келдік. Әрине, мұзы кедір-бұдыр шығар, бірақ көңіл аспандап тұр. 

Шон Перри Стайл, Канаданың Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі: 

-Қазақстан мен Канада арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың 25 жылдығына осындай турнир ұйымдастырдық. Астана қаласы әкімдігі қолдау көрсетті. 24 әуесқой команда қатысты. Балалардан ересектерге дейін қатысты. 

Хабар24

 

Источник: khabar.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!