Қазақстан ерлер құрамасы су добынан Азия чемпионатының ширек финалына бірінші орынмен шықты

17:40, 9 қазан 2025

© Фото: zakon.kz

Қазақстан ерлер құрамасы су добынан Үндістанның Ахмедабад қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында топтық кезеңнен сәтті өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ұлттық құрама төрт кездесу өткізіп, барлығында да жеңіске жетті.

Төртінші ойында қазақстандық су добы шеберлері Таиланд командасынан 22:4 есебімен басым түсті.

 

Нәтижесінде Қазақстан В тобында бірінші орынға ие болды.

1/4 финалда отандастарымыз Өзбекстан құрамасымен кездеседі.

 

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!