Қазақстан әйелдер құрамасы гандболдан Азия чемпионатының жартылай финалына өтті
© Сурет: ҚР Ұлттық Олимпиада комитеті
Қазақстан әйелдер құрамасы гандболдан Нью-Делиде (Үндістан) өтіп жатқан Азия чемпионатының топтық кезеңін сәтті аяқтады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ұлттық Олимпиада комитеті баспасөз қызметінің хабарлауынша, топтық кезеңнің соңғы ойынында отандастарымыз Сингапурды ойсырата жеңді. Ал топтағы екінші матчта Оңтүстік Корея Қытай құрамасына еш мүмкіндік бермеді.
Нәтижесінде, кореялықтар алты ұпай жинап, бірінші орынмен жартылай финалға өтті. Қазақстан құрамасы төрт ұпаймен екінші орын алып, жартылай финалға жолдама алды.
8 желтоқсанда біздің құрама финалға шығу үшін Жапониямен ойнайды. Оңтүстік Корея жартылай финалда Иранмен кездеседі. Ал Қытай мен Сингапур 5-8 орындар үшін матчтар өткізеді.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
19:51, 11 желтоқсан 2024
«Челси» футболшылары Алматыға келе жатыр
-
19:28, 11 желтоқсан 2024
Бокстан АЧ-2024: Медальдік есепте Өзбекстан құрамасы бірінші орын алды
-
17:12, 11 желтоқсан 2024
Бокстан АЧ-2024: Айбек Оралбай Қазақстан құрамасы қоржынына төртінші «алтынды» салды
-
16:46, 11 желтоқсан 2024
Сағындық Тоғамбай бокс чемпионатының финалында қарсыласын үш рет нокдаунға түсірді
-
14:29, 11 желтоқсан 2024
Боксшы Махмұд Сабырхан алғаш рет Азия чемпионатында алтын жеңіп алды