Канело Головкинді нокаутқа жібере ме?

13:09, 21 қаңтар 2017

Американдық боксшы Эдриэн Бронер мексикалық Сауль Альварес пен қазақстандық Геннадий Головкин арасында өтуі мүмкін жекпе-жек жайлы пікірін айтты.

«Мэйуезермен келісемін. Меніңше, Канело Головкинді нокаутқа жібереді. GGG жартылай орта салмақтағы Брукпен жұдырықтасқан еді. Ал Канело нағыз орта салмақ боксшысы болады», – деді Бронер.

Айта кетейік, Головкин мен Альварес кездесуі қыркүйекте өтеді деп жоспарлануда.

Источник: khabar.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!