Қанат Ислам Boxrec рейтингінде екі сатыға жоғарылады

23:19, 22 қазан 2017
7327

Қазақтың кәсіпқой боксшысы Қанат Ислам жаңарған Boxrec рейтингінде екі саты жоғарылап, 11-орынға көтерілді.

Бірінші орта салмақтағы боксшылар арасындағы рейтингте америкалық Эрисланди Лара көш бастап тұр. Екінші орынға екінші бір америкалық боксшы Джермелл Чарло орналасқан. Үштікті пуэрторикалық Мигель Котто түйіндеп тұр.

Қанат Ислам соңғы жекпе-жегін 9 қыркүйек Астана қаласында Брэндон Кукке қарсы өткізіп, 9-раундта техникалық нокаутпен жеңіске жеткен болатын. Сөйтіп отандасымыз бірінші орта салмақтағы WBO, NABO және WBA Inter-Continental чемпиондық белбеулерін қорғап қалған еді.

Айта кетейік, жаңарған рейтингте Жанат Жақиянов, Райан Барнеттен жеңілгеннен кейін, 8 орын төмен сырғып, 21-орынға тұрақтады, деп жазады kaz.vesti.kz.

Источник: khabar.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!