Қайырымдылық мақсаттағы Астана марафоны басталды

08:03, 17 қыркүйек 2017
709

Бүгін елордада жыл сайынғы дәстүрлі «Астана марафон-2017» басталды.

Осы қайырымдылық спорттық іс-шараға қатысуға 4,5 мың адам ниет білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Марафон аясында жүгіруге келгендердің бірінші тобы жарыс жолына шықты. Ең жас қатысушы – 16, ал ең жасы үлкен спортшы 80-де. Спортшылар 3 қашықтықта өзара сынға түседі. Атап айтқанда, 42,2 шақырым – бұл ең төзімділер үшін, 21,1 шақырым – дайындығы мықты спортшылар үшін, әуесқойлар үшін – 10 шақырым. Онымен бірге марафон аясында скандинавиялық жүрістен жарыс қарастырылған. Сонымен қатар astana42k.com сайтында онлайн режиммен тіркелуге болады.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, марафонға Қазақстанның 22 қаласынан, сондай-ақ шетелдік 19 елдің азаматтары тіркеуден өтті. Олардың арасында АҚШ, Ұлыбритания, Австралия, Германия, Италия, Кипр, Қытай, Ресей және басқа мемлекеттер бар. Бұдан бұрын хабарланғандай, 17 қыркүйек күні елордада бұқаралық марафонның өтуіне байланысты белгілі бір көшелерде көлік қозғалысына шектеу қойылады. Осыған байланысты қоғамдық көліктердің де қозғалыс кестесінде өзгерістер болады. Марафон сағат 13:00-де аяқталады деп күтілуде.

Айта кетейік, осы қайырымдылық марафоны елордада 2009 жылдан бері дәстүрлі түрде ұйымдастырылуда.

Источник: khabar.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!