«Қайрат» шабуылшысына Киевтің «Динамосы» көз тігіп отыр 

13:31, 5 қаңтар 2020

Киевтің "Динамосы" қазір алматылық "Қайратта" жүрген шабуылшы Адеринсола Эсеоланы қайтарып алмақ ниетте, деп хабарлайды Vesti.kz.

28 жастағы шабуылшы 2009/10 жылғы маусымда "Динамо" сапында болған еді, бірақ киевтіктердің негізгі құрамына іліге алмай кеткен. Енді Эсеоланың трансфері үшін "Динамо" 3,5 миллион евро төлеуі тиіс болады.

Өткен маусымда Эсеола ҚПЛ-2019-дың үздік мергені атағын "Астананың" жартылай қорғаушысы Марин Томасовпен бөлісті. 27 матчта "Қайрат" шабуылшысы 19 доп соққан болатын.

Маусым аяғында "Қайрат" Эсеоламен келісімшартты 2021 жылдың соңына дейін созғанын жария еткен.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!