«Қайрат» - «Омония» матчы жанкүйерлердің қатысуымен өтеді

12:33, 14 қыркүйек 2021

© Сурет: fckairat.com

"Қайрат" 16 қыркүйек күні Конференция лигасының топтық кезеңіндегі алғашқы ойында кипрлік "Омония" клубын қабылдайды. Алматыда өтетін матчқа жанкүйерлердің кіруіне рұқсат етілді, деп жазады Аладоп.

 

Көрермендерге отырғызу тәртібін және әлеуметтік қашықтықты ұстана отырып, Алматының "Орталық" стадионның 30%-на Конференция лигасының топтық кезеңі аясында "Қайрат" пен "Омония" (Кипр) арасындағы матчқа жанкүйерлердің келуіне рұқсат етілді. ASHYQ қосымшасын тек "жасыл" дәрежеңіз болған жағдайда қолданыңыз, - делінген алматылық клубтың хабарламасында.

 

Матчқа билеттер 14 қыркүйектен бастап стадионның кассаларында және "Қайрат" ФК-ның онлайн сайттарында (ресми сайт пен мобильді қосымша) сатылады.

Билетті сатып алу бейсенбіге дейін жүзеге асады және бір қолға үш-үштен ғана беріледі.


 

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!