Қайрат Ахметов филиппиндік қарсыласын тізе бүктірді

21:47, 16 қыркүйек 2017
386

Жеңіл салмақта ONE FC бұрынғы чемпионы Қайрат Ахметов Индонезия елінде филиппиндік Гетдже Эустакио жеңді. 

Қайрат Ахметов ONE FC Championship Total Victory турнирі аясында өткен жекпе-жекте филиппиндік Гетдже Эустакиодан төрешілер шешімі бойынша басым түсті. Жекпе-жек Индонезия астанасы Джакарта қаласында өткен.

Кездесу аяқталған соң «Қазақ» өзі есе жіберген Адриано Мораесті қарымта жекпе-жек өткізуге шақырды.

Айта кетейік, 5 тамыз күні Макаода өткен ONE FC Kings and Conquerors промоушенінің турнирінде «Қазақ» бразилиялық Адриано Мораестен жеңіліп, ONE FC белбеуінен айырылып қалған болатын.

Бұған дейін Қайрат Ахметов аралас жекпе-жекте 21 жекпе-жек өткізіп, оның жиырмасында жеңіске жетсе, біреуінде қарсыласына есе жіберді.

Источник: khabar.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!