Иван Дычко кәсіпқой бокстағы бірінші кездесуін қыркүйекте өткізеді

12:11, 16 тамыз 2017

Аса ауыр салмақта өнер көрсететін қазақстандық боксшы Иван Дычко кәсіпқой бокстағы бірінші кездесуін қыркүйек айында өткізеді.

Бұл туралы Qsport.kz хабарлады. «Дычконың дайындығы жақсы өтіп жатыр. Басты мақсат – Иванды әуесқой бокс стилінен кәсіпқой боксқа тез үйрету. Оның дайындығына көңілім толады. Иван жақсы тыңдай алады және дайындықта өзін еш аямайды.

Табысты боксшының үш қабілеті болуы керек: талант, құштарлық және жігер. Мұның барлығы Дычкода бар. Дайындықтың басы шамалы қиындау болған еді. Қазір бір жолда қойып алдық. Негізі ауыр салмақта өнер көрсететін боксшыларды дайындау қиын. Менің ойымша, Иванды әуесқой бокста да дұрыс дайындамаған сияқты. Өйткені бізге келгенде техникасы әлсіздеу еді.

Қазір Иван күніне екі рет – таңертең және кешке жаттығу жасайды. Жаттығу екі сағатқа созылады. Кейбіреулер кәсіпқой боксшыға күніне үш не төрт рет дайындық өткізу керек дейді. Бірақ ол – қате пікір. Боксшының денесі қалыпқа келуі керек. Мұны заманауи медициналық тексеріс те дәлелдеп берді. Менің шәкірттерімнің бірі Саливан Баррераның соңғы жекпе-жегін қараңызшы. Ол 10 раундқа созылған кездесуде мүлде шаршамады. Оның барлығы да дұрыс дайындықтың арқасында. Физикалық дайындыққа екі күн уақытымызды бөлеміз. Ал бір күнді жүзуге және велосипед тебуге арнасақ, қалған төрт күнде техника жағына назар аударамыз.

Кәсіпқой бокстағы тағы маңызды дүниелердің бірі – тамақтану. Қазір Дычко аминқышқылдар, калий, протеиннен жасалған коктейл, C және D дәрумендерін ішіп жүр. Қазір оның организмі мұның барлығын дұрыс қорытып жатыр. Ол – менің ең мықты шәкірттерімнің бірі. Менің ойымша, осы қарқынмен дайындықты жалғастыратын болсақ, Иван бірінші кездесуін тамыз айында өткізіп қалуы мүмкін», – дейді The Heavyweight Factory промоутерлік компаниясының баспасөз қызметіне берген сұхбатында бүгінде Иван Дычконы жаттықтырып жүрген ресейлік кәсіпқой боксшы Сергей Ковалевтің бұрынғы бапкері Дерек Сантос-Россарио Сантонс.

Еске салайық, Дычко америкалық The Heavyweight Factory промоутерлік компаниясымен келісімшарт жасаған болатын.

Источник: khabar.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!