Иван Дычко кәсіби рингте екінші жеңісіне нокаутпен қол жеткізді

12:25, 14 қазан 2017
497

Қазақстандық боксшы Иван Дычко кәсіпқой бокста өзінің екінші айқасын өткізді.

Бұл туралы Sports.kz хабарлады.

Ол Тампадағы (АҚШ, Флорида штаты) A La Carte аренасындағы бокс кеші аясында жекпе-жекке шықты. Оның қарсыласы америкалық дебютант Родригес Кейдж болды. Айқас үшінші раундта Дычконың нокаутқа түсіруімен аяқталды. Бұл Иванның кәсіби деңгейдегі екінші жеңісі. Кейдж өз мансабын жеңіліспен бастады.

Источник: khabar.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!