Иван Дычко BoxRec рейтингінде 40 сатыға жоғарылады

09:08, 16 қазан 2017
764

Қазақстандық былғары қолғап шебері Иван Дычко (2-0, 2 КО) кәсіпқой бокстағы екінші жеңісіне қол жеткізді.

Еске сала кетсек, Тампадағы (Флорида штаты, АҚШ) A La Carte аренасында өткен бокс кешінде ол амрикандық дебютант Родригес Кейджді (0-1) үшінші раундта нокаутқа жіберді. Осы жеңісі Дычкоға беделді BoxRec.com сайтының ауыр салмақтағы боксшылар ретингінде 40 орынға көтерілуіне мүмкіндік берді, қазір ол 641-орынды иеленіп тұр.

kazinform

Источник: khabar.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!