Исламиада-2025: қазақстандық дзюдошылар Шерзод Давлатов пен Ержан Еренқайыпов финалға шықты

17:42, 8 қараша 2025

© Сурет: olympic.kz

Қазақстандық дзюдошылар Шерзод Давлатов пен Ержан Еренқайыпов Эр-Риядта (Сауд Арабиясы) өтіп жатқан Ислам ынтымақтастығы ойындарының алтын медалі үшін бақ сынайды, деп хабарлайды Zakon.kz.

60 келіге дейінгі салмақта Давлатов жартылай финалда Мысыр өкілі Махмуд Хуссейнді жеңді.

Ал 66 келіге дейінгі салмақта Еренқайыпов жартылай финалда БАӘ спортшысы Нармандх Баянмухадан басым түсті.

63 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен Самалай Ерғалиева үшінші орын үшін белдеседі. Жартылай финалда ол Қырғызстан спортшысы Адина Кочконбаеваға жол берді.

 

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!