Хоккей ойыны кезінде қақпашының аяғынан қан атқылап, мұз айдын қып-қызыл болды

15:43, 13 желтоқсан 2019

Канадада "Ниагара" мен "Лондон" хоккей командалары кездесіп, ойын кезінде 17 жастағы "Ниагара" қақпашысы Тейн Такер ауыр жарақат алып, ойын сол арада аяқталды. Матч Онтарио хоккей лигасы аясында өтті, деп хабарлайды zakon.kz.

Жантүршігерлік көрініс ойынның кезеңінің басында орын алды. Қарсы тараптың шабуылдаушысымен бетпе-бет қатты соқтығысқан қақпашыТаклер өз қақпасы алдында омақаса құлады, қанша рет тұруға тырысқанмен ол сүйретіліп қайта-қайта құлай берді.

Дәрігерлер бірнеше минут бойына оның аяғынан атқылаған қанды тоқтата алмаған. Ал видеодан хоккейшінің аяғынан сауғалаған қан мұз айдынына тез жайылып кеткенін көруге болады. Кейін белгілі болғандай, шайбаға талас кезінде шабуылдаушы қақпашының аяғын конькиімен басып кеткен.

 

Такеруге шұғыл түрде ота жасалды, оның қазір жағдайы тұрақты.

Осы оқыс оқиғадан кейін ойын кілт тоқтатылды. "Ниагара" турнир кестесінде 14-орында, "Лондон" төртінші сатыда.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!