«Хабар» журналистері шағын футболдан өткен турнирде 3-орынды иеленді

23:13, 24 маусым 2017

Астанада ҚР Ақпарат және байланыс күнін тойлау қарсаңында журналистер арасында шағын футболдан жыл сайынғы турнир өткізілді.

Аталмыш шараны қала әкімдігі ұйыдастырды. Қ.Мұңайтпасов атындағы стадионда шағын футбол бойынша өткен ойынға 13 команда мен бұқаралық ақпарат құралдарының 130 өкілі қатысты. 

Турнирдің бас төрешісі Даулет Хамзиннің айтуынша, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері жарыста мықты команда құрып, өздерінің жақсы дайындығы мен қызықты ойынын көрсетті. 

Турнирдің қорытындысы бойынша 3-орынды «Хабар» телеарнасы, 2-орынды «Қазақ радиосы» алса, 1-жүлделі орынға республикалық «Егемен Қазақстан» газеті ие болды. 

astana.gov.kz

Источник: khabar.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!