Головкинге ресми түрде қарсылас тағайындалды

Халықаралық бокс федерациясы (IBF) орта салмақтағы өз чемпионы, казақстандық Геннадий Головкинді (40-1-1, 35 КО) атағын қорғау үшін жекпе-жек өткізуге міндеттеді, деп хабарлайды Vesti.kz.
Бұл туралы соңғы кездері GGG-мен жұмыс істеп жүрген промоутер Эдди Хирн (Matchroom Boxing) мәлімдеді.
Головкиннің келесі қарсыласы поляк боксшысы Камил Шеремета (21-0, 5 КО). Ол IBF титулына міндетті үміткер болып отыр. Кездесу ақпан айында жоспарланған (не 8-і не 29-ы күндері аталуда), ал өтетін жері ретінде Чикагодағы (АҚШ) Wintrust Arena аталуда.
- Мен Головкинмен келесі аптада бейсенбіде кездесіп, келесі жекпе-жегі туралы сөйлесеміз. Головкиннің міндетті қарсыласы бар, ол Камил Шеремета. IBF бұл жекпе-жекке рұқсат берді, - деді Хирн FightHub TV-ге берген сұхбатында.
Бұған дейін Головкин мен Шереметаның жекпе-жектің қаржылық талаптарының мәселесі бойынша келіскені хабарланған.
GGG-мен кездескені үшін поляк өз өміріндегі ең ірі гонорарын алады.
Головкин орта салмақтағы бос тұрған IBF және IBO белбеулерін 5 қазанда украиналық Сергей Деревянченконы (13-2, 10 КО) жеңгеннен кейін иеленді.
Шеремета сол кештің андеркартесінде жекпе-жек өткізген. Поляк екінші раундта мексикалық Оскар Кортесті нокаутқа жөнелтіп, IBF титулына үміткер атанды.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
09:20, 22 ақпан 2021
Қанат Ислам кезекті қарсыласын ұрып жықты
-
09:52, 19 ақпан 2021
Баскетбол: Қазақстан Шри-Ланканы 111:52 есебімен ойсыратта ұтты
-
09:37, 18 ақпан 2021
Чемпиондар лигасы: «Ювентус» соңғы минуттарда үмітін сақтап қалды
-
09:54, 17 ақпан 2021
Петропавл шенеуніктері зілтемірші Айдарды әбден жынды қылған
-
09:07, 17 ақпан 2021
Чемпиондар лигасы: 1/8 финалының алғашқы матчтары өтті
Пікір