Головкин жанкүйерлеріне қазақ тілінде алғыс айтты

11:02, 17 қыркүйек 2017

Мексикалық боксшы Сауль «Канело» Альвареске (49-1-1, 34 КО) қарсы бүгінгі жекпе-жектен кейін Геннадий Головкин өз жанкүйерлеріне қазақ тілінде сәлем жолдады.

Өз сөзінде GGG мексикалықтарды ұлттық мейрамдарымен құттықтап, бокста мексикалық стильді ұстанатынын тағы бір мәрте мәлімдеді. Осыдан кейін қазақстандық жанкүйерлеріне алғысын білдіріп: «Рақмет, жігіттер!» – деп өзінің ыстық сәлемін жеткізді. 

Айта кетейік, бүгінгі жекпе-жекте екі боксшы тең түсті. Геннадий Головкин алғаш рет қарсыласымен тең түсіп отыр. Соған қарамастан GGG барлық белбеулерін сақтап қалды. Қазақстандық боксшы реванш өткізуге дайын екенін жеткізді, деп xабарлайды ҚазАқпарат

 

Источник: khabar.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!