Головкин WBA рейтингінде бұрынғы позициясын сақтап қалды

Бүкіләлемдік бокс қауымдастығының (WBA) ай сайынғы рейтингінің соңғы нұсқасы жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Рейтингте орта салмақ санатындағы әлемнің бұрынғы чемпионы Геннадий Головкин екінші орынды сақтап қалды. Дивизионда бірінші орында Давид Лемье болса, үздік үштікті Польша өкілі Камил Шеремета түйіндеп тұр. Орта салмақ дәрежесінде "суперчемпион" атағы мексикалық боксшы Сауль "Канело" Альвареске, ал Regular титулына америкалық боксшы Роб Брант ие.
Еске сала кетейік, WBA рейтингінде бірінші ауыр салмақтағы «қарапайым» әлем чемпионы біздің отандасымыз Бейбіт Шүменов болып табылады.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
09:20, 22 ақпан 2021
Қанат Ислам кезекті қарсыласын ұрып жықты
-
09:52, 19 ақпан 2021
Баскетбол: Қазақстан Шри-Ланканы 111:52 есебімен ойсыратта ұтты
-
09:37, 18 ақпан 2021
Чемпиондар лигасы: «Ювентус» соңғы минуттарда үмітін сақтап қалды
-
09:54, 17 ақпан 2021
Петропавл шенеуніктері зілтемірші Айдарды әбден жынды қылған
-
09:07, 17 ақпан 2021
Чемпиондар лигасы: 1/8 финалының алғашқы матчтары өтті
Пікір