Головкин туралы фильм көрермендерге жол тартады

20:30, 25 маусым 2017

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (37-0, 33 КО) өзінің жанкүйерлеріне «Мен және бокс» деректі фильмін көруге ұсыныс жасады.

Бұл туралы Sports.kz хабарлады.

«Ертеңнен бастап барлық Golden Boy Promotions платформаларында көрсетілетін «Мен және бокс» фильмін көріңіздер!», – деп жазды GGG Твиттерде. Мексикалық Сауль Альварестің (49-1-1, 34 КО) промоутері Оскар де ла Хойя шығарған қысқа метражды фильм пресс-тур аясында Лондонда, Нью-Йорк пен Лос-Анджелесте көрсетілген болатын. Головкин - Альварес жекпе-жегі 16 қыркүйек күні Лас-Вегаста өтеді. Айқастың фавориті Геннадий Головкин болады деп күтілуде. 

Источник: khabar.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!