Головкин Сондерспен болатын кездесуден рекордты пайда табуы мүмкін

08:03, 26 наурыз 2017

Британиялық боксшы Билли Джо Сондерспен (24-0, 12 КО) болатын кездесу үшін қазақстандық боксшы Геннадий Головкинге (37-0, 33 КО) қанша төленетіні белгілі болды, деп жазады Sports.kz.

Boxing Kingdom-ның твиттердегі парақшасында ESPN тілшісі Дэн Рафаэльге сілтеме жасап, әңгіме 10 миллион доллардың айналасында болып жатқандығы айтылады. Мұндай жағдайда Сондерспен болатын жекпе-жектен Головкин өз карьерасындағы рекордты деңгейдегі гонорарды алады.

Осыған дейін GGG ең үлкен гонорарды британиялық Келл Брукпен (36-1, 25 КО) болған жекпе-жегі үшін алған болатын. Онда жерлесіміз 4 миллион доллар пайда тапты. Головикн-Сондерс кездесуі Астанада болатын ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесінің аясында маусым айында өтеді деп күтілуде. 

Источник: khabar.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!