Головкин мен Сондерс EXPO-2017 кезінде Астанада жұдырықтасуы мүмкін

16:39, 14 ақпан 2017

«Астана EXPO-2017» баспасөз қызметі қазақстандық боксшы Геннадий Головкин мен Билли Джо Сондерс арасындағы жекпе-жек Астанада 10 маусымда өтеді деген ақпаратқа байланысты мәлімдеме жасады.

«Әзірге ештеңе нақты айта алмаймыз. Келіссөздер жүргізіліп жатыр, нақты бір мәліметтер жақын арада белгілі болады», – деді «Астана EXPO-2017» баспасөз қызметі.

Еске салайық, осы жекпе-жекке қатысты келіссөздер алдыңғы айдан бері жүргізіліп келеді. БАҚ мәліметінше, Головкин мен Сондерс жазда жекпе-жекті Қазақстанда өткізуді келіскен.

Сонымен қатар ESPN журналисі Фернандо Барбоза Головкин - Сондерс жекпе-жегі қай уақытта өтетінін айтты. Оның айтуынша, бұл кездесу Қазақстанда 10 маусымда өтеді. 

Айта кетейік, Головкин өзінің кезекті жекпе-жегін 18 наурызда Нью-Йорк қаласында өтеді. Ол орта салмақта WBA чемпионы Дэниэл Джейкобспен (32-1, 29 КО) шаршы алаңда жұдырықтасатын болады.

Источник: khabar.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!