Головкин мен Альварестің қарымта кездесуі мамыр айына дейін өтуі мүмкін

11:05, 18 қазан 2017

Орта салмақтағы WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин (37-0-1, 33 КО) мен мексикалық боксшы Сауль «Канело» Альварес (49-1-2, 34 КО) арасындағы екінші кездесуі 2018 жылдың мамырынан бұрын өтуі мүмкін. 

Бұл туралы мексикалық боксшының келісімшарттарымен айналысатын, Golden Boy Promotions президентінің президенті Эрик Гомес айтты. Екінші кездесудің қашан өтетіні нақты белгіленген жоқ. Алайда бүгінде көптеген бокс мамандары екінші кездесудің 5 мамырда өтеді деп айтып жүр. 

«Екінші кездесудің нақты қашан өтетіні әлі белгісіз. Бұл мәселе де келіссөздер кезінде шешіледі. Мүмкін жекпе-жек мамырдан бұрын да өтуі мүмкін. Дегенмен кездесуді мамыр айында өткізген қолайлы. Бұл ең алдымен PPV үшін», - деп келтіреді Гоместің сөзін BoxingScene порталы. 

Айта кетейік, қазан айының басында Бүкіләлемдік бокс кеңесі Головкин мен Альварес арасындағы екінші кездесудің өтуіне ресми келісім берді. Екі боксшының командасы қазіргі уақытта келіссөздер жүргізіп жатыр. 

Еске салайық, Головкин мен «Канело» арасындағы бірінші кездесуін 16 қыркүйек күні Лас-Вегаста өтіп, тең аяқталған еді. Осылайша қазақстандық боксшы өзіне тиесілі барлық белбеулерін қорғап қалды. 

Источник: khabar.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!