Головкин мен Альварес жекпе-жегі тең аяқталды

10:06, 17 қыркүйек 2017
394

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (37-0, 33 КО) мен мексикалық Сауль Альварес (49-1-1, 34 КО) арасындағы жекпе-жек аяқталды.

Жыл айқасына баланған бұл кездесу Лас-Вегастың «T-Mobile» аренасында өтті. Көпшілік күткен бұл айқас тең аяқталды.

Жерлесіміз кәсіпқой бокста жеңіліс көрмеген. Ал Альварес 2013 жылдың 14 қыркүйегінде америкалық Флойд Мейвезерден жеңіліс тапқан болатын. Бұл бокс кешін тамашалауға Қазақстаннан да көптеген жанкүйер арнайы барған. Тіпті WBA (Super), WBC, IBF мен IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкиннің (37-0, 33 КО) қазақстандық фанаттары өз жерлесіне қолдау көрсету мақсатында Лас-Вегас көшесінде шеру ұйымдастырған.

Источник: khabar.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!