Головкин мен Альварес кездеспеуі мүмкін

Бірнеше күн бұрын Golden Boy компаниясының басшысы Оскар Де Ла Хойя мамырда Сауль «Канело» Альварес пен Геннадий Головкин кездеспеуі мүмкін екенін мәлімдеген. Бұл туралы Allboxing.ru жазған.
Промоутердің айтуынша, қазақстандық пен мексикалықтың реваншы 16 желтоқсанда Давид Лемье Билли Джо Сондерсті жеңіп, орта салмақта WBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы белбеуін иеленсе, өтпей қалуы мүмкін. Бұл жағдайда Альварестің қарсыласы Лемье болуы мүмкін.
GGG бапкері Абель Санчес осы жағдайға қатысты пікір білдіріп үлгеріпті. «Мұндай жағдай болмайды деп үміттенемін. Жекпе-жек қарсаңында олар Головкинді нокаутқа түсіреміз деді, ал енді осы жолмен жүргісі келеді. Бастапқыда олар (2016 жылы) белбеуді бере салды, енді Головкиннен қашып, Лемьеге барғысы келеді. Егер ол Головкиннің «қалдығын» жеңсе, бұл бокс үшін қайғылы жағдай болады», – деп мәлімдеді ол BoxingScene.com басылымына берген сұхбатында.
Источник: khabar.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
09:20, 22 ақпан 2021
Қанат Ислам кезекті қарсыласын ұрып жықты
-
09:52, 19 ақпан 2021
Баскетбол: Қазақстан Шри-Ланканы 111:52 есебімен ойсыратта ұтты
-
09:37, 18 ақпан 2021
Чемпиондар лигасы: «Ювентус» соңғы минуттарда үмітін сақтап қалды
-
09:54, 17 ақпан 2021
Петропавл шенеуніктері зілтемірші Айдарды әбден жынды қылған
-
09:07, 17 ақпан 2021
Чемпиондар лигасы: 1/8 финалының алғашқы матчтары өтті
Пікір