Головкин мен Альварес арасындағы реванш қашан өтетіні белгілі болды

22:02, 17 қыркүйек 2017
442

Орта салмақта WBC, WBA (Super), IBF және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль Альварес арасындағы жекпе-жек тең аяқталғаннан кейін, келесі жекпе-жектің қашан өтетіні белгілі болды.

Бұл туралы Qsport.kz хабарлады.

Геннадий Головкин мен Сауль Альварес арасындағы жекпе-жекте төрешілер жеңімпазды анықтай алмаған соң, спортшылар баспасөз конференция өткізіп, сұрақтарға жауап берді. Осы орайда Сауль Головкинмен болатын екінші кездесуі туралы айтып өтті. Ол өз сөзінде: «Қазір мен осы жылдың аяғына дейін үзіліс аламын. Егер реванш болатындай жағдай болса, онда тек келесі жылдың сәуір немесе мамыр айында өтуі мүмкін. Бұл жекпе-жектің қашан өтетінін нақты білмеймін, бірақ Альварестің дәуірі туды деп сеніммен айта аламын», – деді Сауль.

Источник: khabar.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!