Головкин: «Канеломен» жұдырықтасқаннан кейін бокспен қош айтысуым мүмкін

10:34, 22 маусым 2017

Орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин карьерасын аяқтау туралы пікірін айтты.

Қазақстандық боксшы мексикалық Сауль «Канело» Альвареспен жекпе-жек спорт жолында соңғы кездесуі болуы мүмкін екенін жасырмады. «Жекпе-жектен кейін аяқтауым мүмкін. Бірақ жалғастыруым да бек мүмкін. Жағдайым жақсы. 30-дамын, бірақ әлі де 25 жастағы жігіт сезінемін. Бұл бокс, футбол емес. Бұл ойын емес, шайқас, әрбір шайқас күрделі», – деді Головкин.

Айта кетейік, қос боксшы арасындағы жекпе-жек Лас-Вегаста (АҚШ, Невада) өтетіні ресми түрде жарияланды. «Канело»-Головкин жекпе-жегі 16 қыркүйек күні T-Mobile Arena аренасында өтеді.

Сауль Канело Альвареске қарсы жекпе-жекте Геннадий Головкин орта салмақта WBC, WBA (Super), IBF және IBO чемпиондық атақтарын қорғайды. Мексикалық The Ring журналының белбеуін бәске тігеді.

Источник: khabar.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!