Головкин ХХІ ғасырдың үздік боксшыларының қатарына қосылды

19:39, 15 сәуір 2017

Boxingnews24.com  журналисі Анхель Флауэрс «Бүгінгі ең мықты боксшылар» материалында ерекшелігімен көзге түскен былғары қолғап шеберлері жайында жазды.

Автор шабуылдау стилі бойынша үздік боксшы деп қазақстандық Головкинді таныды.

«Бұл жағынан бірінші тұрған – Геннадий Головкин. Ол бір соққысымен Сауль Альварес сияқты боксшының нокаутқа жібермесе де, Головкинді рингте табу оңай. Ол джеб әдісімен көзге түседі, басқаларына қарағанда қуатты соққыларын жиі жіберуге асығады. Тіпті Головкиннің сыншылары да оның айқастары тартысты өтетінін біледі. Салмақ айырмасы болғанымен, Келл Брукпен айқас та өте тартысты өтті. Тек Дэниэль Джейкобспен болған айқасын ғана тартысты өтті деп атауға келмейді. Себебі бұл негізінен Джейкобсқа байланысты. Себебі GGG оның көз алдында жүрді», – делінген мақалада.

Источник: khabar.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!