Головкин-Джейкобс жекпе-жегінің PPV сатылымы Ковалев-Уорд көрсеткішінен асып түсті

16:19, 25 наурыз 2017
480

WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин мен америкалық Дэниэл Джейкобс арасындағы жекпе-жектің ақылы трансляциясы (PPV-трансляциясы) 170 мыңнан асып кетті.

Осылайша, бұл жекпе-жектің ақылы көрсетілімі қазірдің өзінде Ковалев-Уорд жекпе-жегінің сатылымынан асып түсті. Айта кетейік, ол кездесуді ақылы жүйе арқылы 165 мың көрермен тамашалаған болатын. 

Головкин-Джейкобс жекпе-жегінен қанша қаржы түскенін НВО телеарнасы жуырда ресми түрде хабарлайды. 

Головкин үшін бұл АҚШ жерінде PPV жүйесі арқылы өткізген екінші жекпе-жегі еді. Бұған дейін отандасымыз 2015 жылдың қазан айында канадалық Давид Лемьеге қарсы өткізген кездесуі де ақылы жүйе бойынша көрсетілген. Ол кездесуді шамамен 150 мың көрермен тамашалаған болатын. 

2016 жылы Головкиндің PPV жүйесі бойынша Лондонда жекпе-жек өткізді. Британдық Келл Брукқа қарсы өткізген отандасымыздың кездесуін Sky Sport телеарнасы ақылы жүйе бойынша таратты. Бейресми дерек бойынша, бұл кездесуді 500 мың көрермен ақылы тамашалаған. Бірақ Sky Sport ресми деректерді әлі таратқан жоқ.

Источник: khabar.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!