Головкин чемпиондық белбеуінен ресми түрде айырылды

Халықаралық бокс федерациясы (IBF) қазақстандық боксшы Геннадий Головкинді ресми түрде әлем чемпионы атағынан айыруға шешім қабылдады, деп жазады Sputnik Қазақстан.
22 мамырда Спрингфилд қаласында тыңдау өтіп, оған Головкин мен оның IBF бойынша міндетті қарсыласы, украиналық Сергей Деревянченко және олардың командалары қатысты. IBF екі тарапты да тыңдап, бүгін шешім шығарды. Геннадий Головкин IBF белбеуінен ресми түрде айырылады, өйткені 3 тамызға дейін Деревянченкоға қарсы міндетті жекпе-жекке шығудан бас тартты.
Естеріңізге сала кетсек, Головкин әуелі Сауль Альвареспен шаршы алаңда кездесуі керек болатын, алайда келіссөздер қаржылық келіспеушіліктің салдарынан тығырыққа тірелді. Сонымен бірге, WBO чемпионы Билли Джо Сондерспен жекпе-жекке шығуы мүмкін деген болжам айтылып жүр.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
09:37, 18 ақпан 2021
Чемпиондар лигасы: «Ювентус» соңғы минуттарда үмітін сақтап қалды
-
09:54, 17 ақпан 2021
Петропавл шенеуніктері зілтемірші Айдарды әбден жынды қылған
-
09:07, 17 ақпан 2021
Чемпиондар лигасы: 1/8 финалының алғашқы матчтары өтті
-
16:26, 5 ақпан 2021
Гаитилік футболшыны сатып алған жоқпыз – «Атырау» ФК
-
20:16, 26 қараша 2020
«Астана» спорт клубының ұсақ басшыларына қатысты іс сотқа жолданды
Пікір