Головкин Альвареске қарсы жекпе-жекте киетін киімін көрсетті

07:49, 17 қыркүйек 2017
353

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (37-0, 33 КО) мен мексикалық Сауль Альварес (49-1-1, 34 КО) арасындағы жекпе-жекке санаулы минуттар қалды.

Әлем тағатсыздана күткен бокс кешіне GGG де толық дайын. Головкин Twitter-дегі парақшасында осы айқасқа киіп шығатын киімінің суретін салып, оның астына: «Дайынмын», – деп жазды.

Головкин – Альварес арасындағы жекпе-жек Астана уақытымен шамамен сағат 08:50-де басталады.

Источник: khabar.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!