Головкин – Альварес жекпе-жегінің төрешілері анықталды

11:16, 12 қыркүйек 2017
417

АҚШ-тың Невада штатындағы Атлеттер комиссиясы 16 қыркүйекте Лас-Вегаста қазақстандық Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль «Канело» Альварес арасында өтетін жекпе-жекке реферилерді тағайындады, – деп хабарлайды BoxingScene.com.

Шаршы алаңда жүріп төрелік ететін америкалық тәжірибелі рефери Кенни Бейлис болды. Жекпе-жекті америкалық төрешілер бригасы қызмет атқарады – Эделейд Берд, Дэйв Моретти (екеуі де – Невада штатынан) және Дон Трелла (Коннектикут).

Айта кетейік, Головкин – «Канело» жекпе-жегі 16 қыркүйек күні Лас-Вегастағы (АҚШ, Невада) T-Mobile Arena аренасында өтеді.

Сауль «Канело» Альвареске қарсы жекпе-жекте Геннадий Головкин орта салмақта WBC, WBA (Super), IBF және IBO чемпиондық атақтарын қорғайды. Мексикалық The Ring журналының белбеуін бәске тігеді, деп жазады kaz.vesti.kz.

Источник: khabar.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!